Беті қан-жоса. Өзбекстандық ең мықты проспекттердің бірі америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Cуперорта салмақта ең мықты проспекттердің бірі өзбекстандық Бектемір Меликузиев (7-0, 6 КО) америкалық Джорнимен Морган Фитчті (19-5-1, 8 КО) нокаутпен жеңді,-деп хабарлайды vRINGe.com.
Cуперорта салмақта ең мықты проспекттердің бірі өзбекстандық Бектемір Меликузиев (7-0, 6 КО) америкалық Джорнимен Морган Фитчті (19-5-1, 8 КО) нокаутпен жеңді,-деп хабарлайды vRINGe.com.
Андердог соққыға соққымен жауап беруге тырысты, дегенмен, өзбек боксшы аяқпен жұмыс арқылы қашықтықты жақсы ұстап, соққыны жан-жақтан жасап басымдығын анық көрсетті.
Үшінші раундта Фитчтің беті қан-жоса болып, тізеге бір отырды. Бір минуттан кейін тағы нокдаун болды, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтату керек деген шешімге келді.
Меликузиев Калифорниядағы бокс кешінде жұдырықтасты, осыған дейін ол Сергей Ковалевпен жекпе-жек өткізу керек еді, бірақ, ресейлік допинг-тесттен өте алмады.
Айта кетейік, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Бектемір күміс жүлдегер болған.
Жарнама