Бес секунд қалғанда. "Динамит" жеңілмеген америкалықты бірінші раундта нокаутқа түсірді

Сурет: ESPN.com
Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде пуэрторикалық "Динамит" лақап атты Феликс Вердехо америкалық Уилл Мадераны нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

MGM Grand кешенінің The Bubble аренасында өткен жеңіл салмақтағы кездесу бірінші раундтың бітуіне бес секунд қалғанда аяқталды. Вердехо қарсыласын ринг бұрышына тықсырды да, екі соққысын дәл тигізді. Ауыр соққыдан есеңгіреген Мадера қайтып тұра алмады. 



27 жастағы Вердехо үшін бұл карьерасындағы 27-ші (17 нокаут) жеңісі, боксшының бір рет жеңілгені бар. Ал 29 жастағы Мадеро алғаш рет жеңіліп тұр - ол 15 жекпе-жекте жеңіп (8 нокаут), үш рет тең түскен. 
Жаңалықтар