Бокс
Бүгін 12:52

Бес белбеуі бар чемпион әлемдегі ең мықты 5 боксшыны атады

©instagram.com/usykaa

Александр Усик DAZN Boxing-ке берген сұхбатында салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік бес боксшысын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Украиналық чемпионның тізіміне Теренс Кроуфорд, Сауль Альварес, Шакур Стивенсон, Энтони Джошуа және Тайсон Фьюри енді.

Усик 23 мамыр күні Мысырдың Гиза қаласында шаршы алаңға қайта оралып, нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувенмен жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, Александр Усик қазіргі таңда ауыр салмақта WBC, WBA, IBO, IBF және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport