Бокс
14 қазан 09:08
 

Бенвидес Канеломен айқастан бас тартып мүлде күтпеген себепті атады

  Пікірлер

blog.share

Бенвидес Канеломен айқастан бас тартып мүлде күтпеген себепті атады ©

Жартылай ауыр салмақта WBC және WBA чемпионы Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) екінші орта дивизионға қайта оралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жартылай ауыр салмақта WBC және WBA чемпионы Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) екінші орта дивизионға қайта оралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бенавидес Кроуфордпен жекпе-жек өткізу ойынна айныды

Бұған дейін Давид абсолют чемпион Теренс Кроуфордпен (42-0, 31 КО) жекпе-жек үшін екінші орта салмаққа түсуге дайын екенін айтқан болатын. Алайда енді ол бұл ойынан толық айынп отыр.

Бенавидестің айтуынша, енді ол 76,2 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетпейді, тіпті мексикалық Сауль Канело Альвареспен (63-3-2, 39 КО) немесе Кроуфордпен мегаайқас ұсынса да. 28 жастағы чемпионның сөзіне қарағанда, оның ағзасы екінші орта салмақтың лимитін енді көтере алмайды.

Бенавидес: "Бұл салмақпен қоштастым"

"Мен бұл салмақпен қоштастым. Кроуфордты құттықтаймын – ол керемет жекпе-жек өткізді. Ол қазірдің өзінде бокстың ең ұлы есімдерімен қатар тұратын спортшы. Ісін бітіре берсін, бауыр.

Менде Кроуфордпен жекпе-жекке деген қызығушылық жоқ. 168 фунтқа (76,2 кг) қайта оралуға да ниетім жоқ. Иә, барлық белбеуді жеңіп алу керемет болар еді, бірақ, мен бұл дивизионнан өсіп кеттім. Тіпті Канело үшін де төмен түспеймін. Қалай бар, солай айтып отырмын", - деп береді Бенавидестің сөзін 15rounds.

Кәсіпқой карьерасының жаңа кезеңі

2013 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп келе жатқан америкалық боксшыны жанкүйерлер Канелоға қарсы жекпе-жекте көргісі келген, бірақ бұл, мүмкіндік оған бұйырмады. Енді ол жартылай ауыр салмақта толықтай орнығып, осы салмақтағы өзге белбеулерді көздемек.

Келесі жекпе-жегін Бенавидес 22 қарашада Эр-Риядта өткізеді. Оның қарсыласы британиялық Энтони Ярд (27-3, 24 КО). Бұл кездесудегі жеңіс оны Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) немесе Артур Бетербиевпен (21-1, 20 КО) титул біріктіретін жекпе-жекке жеткізуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!