"Бентли мықты боксшы". Британиялық журналист Әлімханұлының қарсыласы жайлы

©Boxing News

Британиялық журналист Бен Смит қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол алдағы жекпе-жекте кімнің басымдығы барын айтты. 

Бұл кездесу 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде өтеді. 

"Бұл жақсы айқас болмақ. Бентли - мықты боксшы, ол титулды кездесуге лайық. Ол Әлімханұлына бәсеке көрсете алады, дегенмен, оған оңай соқпайды. Қазақстандық боксшы қолынан не келетінін көрсетті. Ол әлем чемпионы және фаворит. Ол техникасы мен шеберлігі арқасында Бентлиді нокаутпен жеңе де алады. Бірақ бір жағынан, Дензел оңай беріле салу үшін айқаспайы. Ол жеңіс үшін барын салады", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport