Бокс
16 қаңтар 16:18
 

Бентли қарымта айқаста Әлімханұлы не себепті жеңілетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Бентли қарымта айқаста Әлімханұлы не себепті жеңілетінін айтты ©ringkz.com

Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекке шығу үмітін үзбей отыр. 

blog.share

Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекке шығу үмітін үзбей отыр. 

Британиялық боксшы Әлімханұлына WBO тұжырымы бойынша міндетті қарсылас. 

"Жәнібекті жеңу үшін маған оған қарсы қолданған үш стиль де қажет болады. Біздің жүріп өткеннің ізіне көз салыңыз. Екеуімз жұдырықтасқалы бері ол үш жекпе-жек өткізді. Ал мен - бесеу. Менің бес айқасым бес түрлі болды. 

Шарықтау мен құлау да болды, бірақ, мен шыңға қайта өрмеледім, тер төктім және қысымға тап болып отырдым. Ал ол таңдап берген екі жекпе-жегін өткізді. Сондықтан ол босаңсып қалды, "Ой, бұл оңай" деген сияқты", - дейді британиялық боксшы.

Дензел мен Әлімханұлы 2022 жылы Лас-Вегаста алғаш рет жұдырықтасқан, ол кезде қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бентли одан кейін де Жәнібекті қарымта айқасқа шақырған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!