Бентли Әлімханұлымен айқаста ақысы желінгенін меңзеді

©twitter.com/2Sharp_d

Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) орта сламақта WBO титулы үшін айқасқан британиялық Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) ақысы желінгенін меңзеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Еске салайық, Әлімханұлы - Бентли жекпе-жегі 13 қараша Лас-Вегаста өтіп, Жәнібек төрешілер шешімімен (116-112 екі рет және 118-110) жеңіске жеткен.

"Жаңа ғана жекпе-жекті дұрыстап қарап шықтым, бестен он бірге дейінгі раундтарда мен басым болдым деп ойлаймын", - деп жазыпты ол Twitter желісінде. 

Ал өзінің әлеуметтік желісіне жазылушылардың біріне жауап бере отырып, британиялық боксшы төрешілердің бірінің карточкасы Жәнібекпен айқасқа дейін 118-110 деп толтырулы болғанын жазыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport