Белградтағы әлем біріншілігінде қатарынан екі нокаут тіркелді

©aiba.org

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында кезекті жарыс күні басталды. Жарыс жолына бірінші болып 54 келідегі боксшылар түсіп, бұл салмақта бірден екі нокаут тіркелді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші болып қарсыласын бразилиялық Майкл Тринидад түсірді. Ол 1/16 финалда никарагуалық Нельсон Герреромен кездесті. 

Айқастың алғашқы минутынан бастап Тринидад басымдықты өз қолына алды. Сөйтіп екінші раундта қарсыласын бірінші нокдаунға жіберді. Кейін тағы бір нокдаун тіркелді. Содан соң төреші кездесуді тоқтатты. 

Екінші нокаут түрік боксшысы Мухаммед Сачлидің еншісінде. Ол бірінші раундтың өзінде кениялық қарсыласы Шафи Хассанды үш мәрте нокдаунға жіберді. Кейін төреші бұл айқасты да жалғастырмады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар