Белгілі сарапшы "Канело" - Голвокин айқасына қатысты ойға қонымды болжам айтты

14 қыркүйек 2022 08:31
©fightnews.info

Канадалық бокс сарапшысы Шон Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты болжамын айтты. 

"Алдыңғы екі айқас тамаша өтті. Қарсыластың әрқайсы ең мықты деген атаққа лайық еді. Төрешілерге шешім шығару оңай болмаған шығар. 

Головкин қазір жас емес, ал "Канело" кейінгі айқасында жеңілді. Осы факторлар бұл жекпе-жекті қызықты етеді. Осы жерде бәрі бітеді. "Канело" басымдау көрінеді, бірақ, кесіп айтуға болмайды. Қарсыластардың деңгейі теңдей. Олар өз салмағының мықтылары", - дейді Смит. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар