Белгілі сарапшы Головкин - "Канело" айқасына жағымсыз болжам жасады

©boxingscene.com

Әлемнің бұрынғы чемпионы, қазірде бокс сарапшысы Пол Малиньяджи мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші айқаста тек жеңіске ұмтылатынын болжады, деп хабарлайды fightnews.info.

"Қызықты болады. Сауль жеңілістен кейін өзіне сенімді болып қала ма, соны көргіміз келеді. Кейде жеңілістен кейін мотивация артады, өйткені үлкен сынға қаласың. Головкинмен айқаста ол өз атын қайтаруға тырысады. 

Головкиннің де "Канеломен" жекпе-жекке шыққысы келетіні маған ұнайды. Ол карьерасын аяқтар алдында тағы да үлкен табыс көргісі келеді. Кейінгі жылдары ол бізге тамаша айқастар сыйлады және үлкен гонорар ала алады. Бірақ Головкин бұрынғыдай емес және Альвареске қауіпті дей алмаймын", - дейді сарапшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport