Белгілі ресейлік боксшы Усик пен Джошуа кездесуінің жеңімпазын анықтады

23 қыркүйек 2021 20:16
©polit74

Ресейлік былғары қолғар шебері Алексей Евченко WBA Super, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа мен бірінші ауыр салмақта әлемнің экс-абсолютті чемпионы Александр Усик арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңіске жететінін айтып берді.

"Бұл екі алып арасындағы айқасты бүкіл әлем көретіні белгілі. Көптеген бокс мамандары мен жанкүйерлер бұл кездесуді тағатсыздана күтіп отыр. Менің болжамым бойынша Усик ұпай саны бойынша жеңіске жетуі тиіс. Бірақ бокста алдын ала болжай алмайтын дүниелер болып тұрады. Себебі, бір соққымен кездесу тағдыры шешілуі мүмкін. Әрине, Джошуа рингке өз елінде шығады. Қолдауы көбірек болады. Бірақ шаршы алаңда тек өзіңе ғана сенуің керек", - дейді Евченко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Алексей Евченко соңғы жекпе-жегін отандасымыз Тұрсынбай Құлахметке қарсы өткізген еді. WBC International белбеуі сарапқа салынған кездесуде жеңіліс көрмеген Құлахмет алдымен бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірсе, соңғы раундта нокаутпен басым түсті.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: