Белгілі промутер "Канелоның" арамдығын ашып айтты

©instagram.com/canelo

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті сынады, деп хабарлайды Fightnews.info.

Промоутердің сөзінше, Альварес өз замамынның ең мықты боксшылармыен айқасудан қашуда. 

"Жанкүйер ретінде маған Альварестің мексикалықтармен айқаспаймын деп жар салып жүргені ұнамайды. Енді, мексикалық боксшылар деген кім? Олар Рамирес, Бенавидес және Мунгия. Бұл оған қиындық тудыратын жігіттер. Олар жекпе-жек бойы соққы жасауын тоқтатпайды және комбиянациямен әрекет етеді, оның үстіне Саульден жастау. 

"Канелоның" позициясын шынымен түсінбеймін. Егер сен ең мықты болсаң, ештеңеге қарамай мықтылармен жұдырықтасуың керек. Меніңше, жоғары деңгейде жекпе-жек өткізіп жүрген, аты шыққан, рекорды жақсы және титулы бар кез келген мексикалық "Канело" үшін қауіпті", - дейді Де Ла Хойя. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар