Қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұмыс істейтін белгілі промоутер Эдди Хирн 2021 жылы орта салмақта (72,6 келі) GGG мен 32 жастағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) арасында титул біріктіретін жекпе-жек ұйымдастырмақ. Бұл туралы vRINGe.com порталы Sirius XM Boxing сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.
"Осы туралы DAZN платформасымен сөйлесемін. Оларға былай деймін: "Андраде және Головкинмен де келісімшарттарыңыз бар. Екеуін бір рингте кездестірейік", - дейді Matchroom Boxing басшысы.