Канаданың Eye Of The Tiger Managment промоутерлік компаниясы қазақстандық Батыр Жүкембаевты (19-1, 15 КО) қатарына қатарға қосуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жағдайға жақын ақпарат көзінің айтуынша, боксшының осыған қатысты ойы белгісіз. Жүкембаев канадалық ұйымнан 2021 жылдың қарашасында кетіп MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырған еді.
Батыр Жүкембаев рингке соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында шығып, 69 секундта мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жеңді.
Еске салайық, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегін 24 желтоқсанда өткізеді. Алматыдағы айқаста жерлесіміз WBC Asia белбеуіне таласады. Әзірге Жүкембаевтың қарсыласы белгісіз.