Белгілі британиялық боксшы ауыр нокаутқа түсті. Видео

©score

Белгілі британиялық былғары қолғап шебері Кид Гэлэхэд испаниялық Кико Мартинеспен өткізген айқаста нокаутпен ұтылды, деп жазады Vesti.kz.

Кездесудің алғашқы раундтарынан бастап белсенді болған Гэлэхэд ұпай санымен жеңіп жатқан. Алайда бесінші раундта қарсыласынан соққы алған британиялық спортшы нокдаунға түсті. Есін тез жиғанына қарамастан, алтыншы раундта тағы соққы өткізіп ауыр нокаутқа түсіп қалды.

Осылайша, британиялық боксшы карьерасында екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Ол осыған дейін 28 рет жеңіске жеткен болатын. Испаниялық Мартинес болса 43 рет жеңіске жетіп, он рет жеңілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: