Жартылай орта салмақта әлем чемпионы болған Шон Портер мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) қарымтада жеңу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.
8 мамырда Бивол "Канелоны" төрешілер шешімімен жеңген болатын.
"Канелоның" жоғары-төмен, дивизионнан дивизионға ары бері өтуі кері әсер етуде. Егер ол жартылай ауыр салмақта жұдырықтасқысы келсе, бейімделу үшін біраз уақыт жұмсағаны жөн. Бір жылдан кейін ол Бивол және өзгелер - Бетербиев сияқтылармен жұдырықтаса алады. Денесін осы салмаққа әдбен үйрету керек", - дейді Портер.