Белгілі бапкер Роберт Гарсия мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 37 КО) пен америкалық Дэвид Бенавидес (26-0, 23 КО) арасында жекпе-жек ұйымдастыру туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.
"Бұл айқас өте ме? Жоқ, болмайтын сияқты. Сауль өз ұлтының боксшылармен жұдырықтаспайтынын айтқан, мен оны бұл үшін айыптай алмаймын. Оның салмағында басқа ұлттар жетерлік.
Бұл айқасты көргіміз келе ме? Бұған күмән де жоқ. Бұл екеуі үшін де ауыр жекпе-жек болар еді. "Канело" ақылмен жұдырықтасады, жанкүйрерлерге ұнайтынын істейді. Жеңіске қанша керек, сонша жасайды. Бенавидеспен кездесуде де солай болады.
Бенавидес - оған қарама-қайшы. Ол рингте нағыз соғыс ұйымдастыруға тырысады, жанкүйерлер орнынан атып тұратындай. Көрермендерге бұл ұнар еді. Бірақ "Канело" ондай емес және оны айыптай алмаймыз. Бұл оның өмірі, сондықтан өзі біледі", - дейді Гарсия.