Бокс
30 қараша 2022 17:45

Белгілі актер кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

©instagram.com/erkebulan_toktar

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осыған дейін аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген Тоқтар енді 11 желтоқсанда Алматыда алғаш рет ринг төріне шығады.

Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой былғары қолғап шебері Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) бокс кешінде сынға түседі. Әзірге актердің қарсыласы белгісіз.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Жанқош Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) айқасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport