Бокс
25 қараша 2021 10:19

"Белбеулерін Қазақстанға әкелемін". Шарипова абсолют чемпионды МакГрегормен қосып нокаутқа түсіретінін мәлімдеді

©Wrestlingua.com

Фируза Шарипова әлемнің абсолют чемпионы Кэти Тейлормен жекпе-жекте жыл апсетін жасамақ ниетте, деп хабарлайды қазақстандық боксшының баспасөз қызметі.

Шарипованың командасы боксшы үлкен жеңіске жетіп, аты дүркіреген спортшылардың жолын қайталайтынын мәлімдеді. 

Бұл кездесу 11 желтоқсан күні Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

"11 желтоқсанда жыл апсетін жасаймын! Кэти Тейлорден барлық белбеуін тартып алып, Қазақстанға әкелемін. Кэти Тейлорға ештеңе көмектесе алмайды. Онымен рингке Конор МакГрегор бірге шықса да - екеуін де нокаутқа түсіремін!" - деп жазыпты Шарипова Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport