auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Белбеу мен қай жерде екенін көрсетіңіздер кез келгенмен жұдырықтасам". Жүкембаев алдағы жоспарлары туралы

"Белбеу мен қай жерде екенін көрсетіңіздер кез келгенмен жұдырықтасам". Жүкембаев алдағы жоспарлары туралы
Сурет: facebook.com/eottmboxing/
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспары туралы айтып берді.

Мұның алдында Жүкембаев Eye of Tiger Management компаниясының басшысы Камиль Эстефанның көңілін қалдырғаны туралы хабарланған. Боксшы карьерасын АҚШ-та жалғастырғысы келетінін айтқан. 

"Ұш жыл бұрын талай мықты боксшы шыққан Қазақстаннан мұхит асып, Канадаға көшкенмін. Кәсіпқой бокста карьерамды бастау үшін келдім. Канадада бастап жолым болды. Промоутер Камиль Эстефан, менеджер Анна Рева және бапкер Стефан Ларош жақсы көмектесті. Осылардың арқасында Қазақстан мен Канадада көптеген жанкүйерлерім пайда болды. 

Міне сондықтан 14 жекеп-жектің бәрінде жеңіске жеттім, ал 12 кездесуімді нокаутпен аяқтадым. Әрбір жекпе-жек - нағыз Boxing Drama. Әсіресе Патрисио Мореномен өткізген соңғы кездесу. Алғашқы раундта нокдаунға түстім, бірақ, екінші раундта нокдаунмен жауап беріп, жетінші раундта кездесуді нокаутпен аяқтадым.

Мені және жанкүерлерімді бокс желіктіреді. Ер мінезділердің нағыз жекпе-жегі, үлкен титулдар мен гонорарлар, рекордты телекөрсетілімдер мен көреремендер. Конмандамнан - промоутер мен менеджерден осыны күтемін. Олар мұндайды мен үшін және жанкүерлерім үшін жасай алатынына сенімдімін!

Өз салмағымда кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын - тек қандай белбеу мен қай жерде екенін көрсетсеңіздер болғаны. Жұмыс жүріп жатыр, командаммен бірге ілгерлеп келеміз. 2019 жылға жоспарларым үлкен. Өз дивизионымдағы ең мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. АҚШ пен өзге елдерде жұдырықтасып, чемпиондық белбеу үшін кездесу өткізуді қалаймын. Үлкен қадамдар жасайтын уақыт келді. Қолдау білдіргендері үшін жанкүйерлеріме мың алғыс. Қазақтар боксты сүйеді және бұл спортты жақсы бағалайды", - дейді Жүкембаев. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама