Бүгін Токиода өткен бокс кешінде Наои Иноуэ (27-0, 24 КО) IBF ұйымының экс чемпионы Ти-Джей Дохейнимен (26-4, 20 КО) жұдырықтасты.
Екінші өте жеңіл салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда жетінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Аустралиялық боксшы арқасын жарақаттап алып, айқасты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, "Құбыжық" лақап атты Иноуэ әлемнің аболют чемпионы атағын қорғап қалды.
Жапониялық боксшы осымен 28 айқасының бәрінде жеңіске жетіп отыр, оның жиырма бесі нокаутпен.
Ал карьерасында 26 жеңіске жеткен Дохейни бесінші рет жеңіліп отыр.