Бокс
Кеше 19:28

Бекзат Нұрдәулетовтің өзбек боксшымен айқасы жылдам нокаутпен бітті

©

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Странджа кубогі-2025 турниріндегі бірінші айқасын өткізді. Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыс Болгария астанасы Софияда өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz

86 келі салмақта жұдырықтастатын Бекзат жарыстың 1/8 финалында өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен жекпе-жек өткізді. 

Бекзат бұл айқаста қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

Осылайша, Бекзат турнирдің 1/4 финалына өтті, енді ертең ол франциялық Абулайе Траоремен жұдырықтасады. Франциялық боксшы өз кезегінде 1/8 финалда Кеннеди Брайннан басым болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport