Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов (4-0, 2 КО) кәсіпқойда өткізген алғашқы титулды жекпе-жегінен кейін жанкүйерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде Бекзат голландиялық Чико Куасимен (5-1-1, 2 КО) жұдырықтасты. Тоғызыншы раундта қарсылас жарақат алып, айқасты ары жалғастыра алмады. Осылайша, Нұрдәулетов WBO "жастар" титулын иеленді.
"Ассалаумағалейкум Қазақ елім!
WBO тұжырымы бойынша жастар арасында сарапқа салынған белбеу үшін кездесуде жеңіске жетіп, Қазақ елі қоржынына тағыда бір әлемдік деңгейдегі белдікті байладық.
Тақым қысып, қолдау білдірген баршаңызға алғыс білдіремін", - деп жазыпты боксшы.