Бекзат Нұрдәулетов бастаған төрт боксшы Ресейдегі халықаралық турнир финалында

Сурет: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы Ресейде өтіп жатқан халықаралық турнирде үш қола иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда Даниял Сәбит, Бекнұр Ожанов, Айбек Оралбай қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдеге ілінді. 

Ал фианлға төрт қазақстандық боксшы шықты.

Махмуд Сабырхан 52 келіде ресейлік Василий Егоровтан басым болды.

Асланбек Шымбергенов 69 келіде ескі қарсыласы, өзбекстандық Азия чемпионы Бобо-Усмон Батуровтан есесін қайтарды.

Әбілхан Аманқұл 75 келіде ресейлік Андрей Ковальчукті жеңді.

81 келдіе Бекзат Нұрдәулетов те ресейлік боксшы Андрей Косенковтан басым түсті.

Жаңалықтар