"Бекер емес". Сарапшы қазақ боксшы неге "Жаңа Головкин" атанғанын түсіндірді

©instagram.com/sultanzaurbek

Британиялық сарапшы Гарет Дэйвис Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбектің (16-0, 12 КО) Ұлыбританияда неге "Жаңа Головкин" атанып кеткенін түсіндірді.

"Ол тамаша боксшы, жақсы дағдылары бар. Британияның бокс жанкүйерлері арасында танымал, "Жаңа Головкин" - бұл лақап атты оған бекер берген жоқ. Оның әлеуеті үлкен. Ол жекпе-жектерінің көбін нокаутпен аяқтады. Сұлтанның үлкен айқастарға шығуға мүмкіндігі бар. Бұл оның қарсыластарын қалай жеңіп отыратынына байланысты. Ең бастысы - жарақаттан аман болып, жекпе-жектерге жақсы дайын болу", - дейді Дэйвис.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар