Астанада спаррингтік турнирдің финалында ерлер арасында 63,5 келі салмақтағы жеңімпаз анықталды.
Бұл салмақтағы шешуші айқаста Мұхаммедсабыр Базарбайұлы осы салмаққа жуырда ауысқан Дулат Бекбауовпен жұдырықтаст. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Базарбайұлына берді.
Осылайша, Бангкоктағы Олимпиадаға іріктеу турниріне Мұхаммедсабыр аттанады.