Бек Нұрмағанбет қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

24 желтоқсан 2021 21:10
©instagram.com/suleimen_promotions_official/

23 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) 42 жастағы колумбиялық Хосе Мигель Торресті (33-12, 27 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жекпе-жек Мәскеу қаласындағы бокс кешінде өтті. Негізі сегіз раундқа жоспарланған айқас бірінші кезеңде аяқталды. Отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

 

Осылайша, Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Бек әуесқой бокста 2019 жылы Азия чемпионы атанды. Ал қазір кәсіпқой бокстағы оның WBA International белбеуі бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: