Бокстан Қазақстан чемпионатында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл атақты Шымкент қаласының боксшысы Абзал Серік жеңіп алды. Ол Түркістан облысының намысын қорғаған Қазақстан құрамасы сапындағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлын 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Серік алтын иеленді, ал Базарбайұлы күміс жүлдегер атанды.
Базарбайұлы - 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы және Константин Коротковты еске алуға арналған 2025 жылғы халықаралық турнирдің қола жүлдегері.