Токио Олимпиадасының чемпионы ресейлік Альберт Батырғазиев (3-0, 3 КО) финалда өзінен жеңілген америкалық Дюк Рэганмен (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингте қарымта кездесу өткізуге қарсы емес.
Еске салайық, Олимпиада финалынан кейін америкалық кәсіпқой рингте кездесу тамаша болатынын айтқан.
"Бұл әбден мүмкін, Олимпиада ойындарынан кейін өзекті. Спортшылар Олимпиадада кездесіп, кейін кәсіпқойда қарымта ұйымдастырған жайттар көп. Оқиғаның жалғасы", - дейді Токиодан Нижневартовскке оралған Батырғазиев БАҚ өкілдеріне.
23 жастағы Альберт кәсіпқойда да өнер көрсетеді: егер Рэган үш раундтық айқастардан бастаса, Батырғазиев бірден он раундтық жекпе-жектер өткізіп жүр.
Айта кетейік, Жазғы ойындардың 1/8 финалында Рэган қазақстандық Серік Теміржановты 0:5 есебімен жеңген.