Бокс
16 мамыр 2024 09:27

Батырдың "Сұмдық" боксшымен айқасында нокаут болатыны айтылды

©instagram.com/proboxtvofficial

Канадалық бокс сарапшысы Лоурент Поулин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Батыр Жүкембаевтың (22-1, 16 КО) алдағы жекпе-жегі мен қарсыласына қатысты ойын айтты. 

Батыр 22 мамыр АҚШ-тың Плант-Сити қалашығындағы бокс кешіне қатысады. Қарсыласы El Terrible ("сұмдық") лақап атты украиналық Иван Редкач (24-6-1, 19 КО). Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. 

"Өте мықты қарсылас. Оның рекорды жоғары санатта екенін көрсетіп тұр. Атақты боксшылармен жұдырықтасқан және оларға қарсы әлсіз көрінген жоқ. Жалпы бокста мықты дағдылары бар нокаутқа түсіре алатын жігіт. 

Сондықтан Жүкембаевта бұл айқаста басымдық болмайды. Қарсыластардың мүмкіндігі теңдей. Редкач жеңсе, статистикасын жақсартып, қомақтырақ ұсыныстар алады. Ал Батыр үшін жеңіс - Матиастан жеңілістен кейін топ деңгейге оралудың мүмкіндігі", - дейді Поулин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport