Бокс
10 желтоқсан 2021 13:48
 

Батыр Жүкембаев Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Батыр Жүкембаев Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде жұдырықтасады ©Eye Of The Tiger Managment

Қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 КО) командасы боксшының келесі кездесуі қашан өтетінін нақты айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 КО) командасы боксшының келесі кездесуі қашан өтетінін нақты айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз келесі кездесуін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын жартылай ауыр салмақта WBC және IBF белбеулерінің иегері ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16 КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өткізеді. 

Top Rank Жүкембаевқа қызығушылық білдіріп, қазақстандық боксшыны Канадада жұдырықтасуға шақырған. Негізі Батыр өз карьерасындағы көп айқастарын осы елде өткізген. Енді ол Монреаль қаласында жоғары деңгейде өтетін шоуда өнер көрсетеді. 

Жалпы жекпе-жек кеші 17 желтоқсан болады. Жүкембаевтың қарсыласы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварес (28-10, 20 КО) болады. Негізі бұл боксшылар 11 желтоқсан күні АҚШ жерінде кездесуі керек еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!