Батыр Жүкембаев титулды айқастағы жеңістен кейін мәлімдеме жасады

21 қыркүйек 2023 10:40
©instagram.com/batyr_jukembaev/

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) аргентиналық Уго Альберто Ролданды (22-2-1, 7 КО) жеңгеніне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде өткен бұл жекпе-жекте WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) атағы сарапқа салынған болатын. Жүкембаев бұл жекпе-жектің бірінші раундында нокдаунға түсті, алайда қайта тұрып, жеңіске жетті. 

"Ыңғайсыз стиль, бірақ ақыры істі соңына дейін жеткіздім. Келесі кім?", - деп жазыпты Жүкембаев твиттерде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар