Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO) келесі жекпе-жегінің қашан және кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
All Stars Entertainment промоутерлік компаниясының мәліметінше, Жүкембаев 9 мамыр күні Ташкентте өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашевпен жұдырықтасады.
Жекпе-жек Ташкент қаласындағы "Хумо Аренада" өтетін бокс кешінің аясында ұйымдастырылады.
Шохжахон Эргашев кәсіпқойда 25 жеңіске жеткен, 22 нокаут. Сонымен қатар, ол екі рет жеңілген.
Жүкембаевтың соңғы жекпе-жектеріБатыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, он раунд қорытындысы бойынша британиялық Кейн Гарднерді (17-5, 7 KO) төрешілер шешімімен жеңді.
Қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы жалғыз жеңілісі 2021 жылғы 29 мамырда болды. Ол кезде Жүкембаев пуэрторикалық Сабриэль Матиастан (23-2, 22 KO) жеңілген еді.