Қазақстандық былғары қолғап шебері Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыздың қатысуымен болған бокс кеші Монреальда өтті. Алты раундтқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бір минутқа созылды.
Алғашқы секундтардан бастап белсенді болған Жүкембаев қарсыласын төпелеп ұра бастады. Нәтижесінде Альварес нокдаунға түсті. Бірақ төрешіге айқасты жалғастыра алатындығына көз жеткізді. Дейтұрғанымен Батыр Жүкембаев шабуылын тоқтатпай, соққыларын дәл тигізуді жалғастырды. Кездесу басталғалы небәрі бір минуттан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.