Батыр Жүкембаев Лас-Вегастағы жаттығу лагерінде Қазақстан туын ілді
Бірінші орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 KO) АҚШ-тағы жаттығу лагеріне Қазақстан туын ілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 KO) АҚШ-тағы жаттығу лагеріне Қазақстан туын ілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Шетелде жүріп туған жерге деген сағынышың күшейгенде, ел қадірін терең ұғына бастайсың. Сол Отанымыздың басты нышаны болған Көк байрақ, бізді әркез өзге ұлттардан айырықшалап тұратын киелі белгі сияқты. Лас-Вегаста өзім жаттығу жасайтын бокс залының төріне Қазақстанның туын ілдім.
Енді байрағымызды рингтегі жеңістермен үнемі биікте желбіретуді жазсын Аллах. Осы мақсатта аянбай тер төгудеміз. Ал ер азамат отбасы мен Отаны үшін еңбек етсе адаспайды", - деп жазыпты Батыр Instagram желісінде.
Жарнама