Батыр Ахмедов филиппиндік боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді

7 қыркүйек 2020 12:03
Сурет: TV Mag
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Батыр Ахмедов (8-1, 7 KO) Лос-Анджелесте өткен бокс кешінде филиппиндік Рэй Перестен (24-12, 8 КО) басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Перес бірінші раундта-ақ денесіне бірнеше соққы алып, ары қарай жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Ахмедов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 



Айта кетейік, Өзбекстанда дүниеге келген. 29 жастағы Ахмедов қазіргі таңда Ресей атынан жұдырықтасады. 2019 жылы ол WBA Regular титулы үшін жекпе-жекте америкалық Марио Барриоске есе жіберіп, карьерасында алғаш рет жеңілген еді. 
Жаңалықтар