Бокс
5 мамыр 2025 07:42

Басында жеңімпаз деп хабарлады, кейін... "Қазақ жауынгерінің" айқасы күтпеген нәтижемен бітті

©

"Қазақ жауынгері" лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла кәсіпқойдағы жиырма үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бангкокта (Таиланд) өткен бокс кеші аясында ол жеңіліп көрмеген намибиялық боксшы Филлемон Нгутенаньемен айқасты. Кездесу жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және толық 10 раундқа созылды. Төрешілердің шешімі бойынша кездесу тең есеппен аяқталды — 91-99, 95-95, 95-95.

Айта кетерлігі, ринг-анонсер бастапқыда қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп қателесіп жариялаған, алайда, артынша өзін түзеп, ресми түрде тең нәтиже тіркелген хабарлады. 

Осылайша, Нығметолла WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы Азия чемпионы атағын сақтап қалды. Қазір оның кәсіби көрсеткіші — 22 жеңіс пен 2 тең есеп. 12 жеңісі бар Нгутенанье де карьерасында екінші рет тең нәтиже көрсетіп отыр. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport