"Басынан ойластырылған ба білмеймін". Смит "Канелоның" алаяқтық жасағанын мәлімдеді
Екінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Каллум Смит (27-1, 19 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) жекпе-жек басында жарақаттанғанын, ал мексикалық оны байқай салысымен ауырған жерге салмақ түсіре бастағанын айтады. Британиялықтың сөзін AllBoxing.Ru басылымы беріп отыр.

"Әрине көңілім түсіп кетті. Бұл менің бірінші жеңілісім және мұны қабылдау ауыр. Бірінші раундтан кейін ол сол қолымнан ұра бастады. Әрине олай етуге құқылы еді. Ал төртінші раундтан кейін мен секунданттарға сол жақтан жасайтын ең мықты соққымнан айырылғанымды айттым.
Бұл басынан ойластырылды ма білмеймін. Алайда ол не істеу керегін білді. Ал он екінші раундта ол менің ісіп кеткен қолыма қарап, күлді де: "не, ауыра ма?" деді. Ол мені ең мықты соққымнан айырғанын біліп тұрды. Жарақат алмағанымда жеңер ме едім? Олай емес шығар. Сол күні ол менен сәл жақсырақ болды.
Ол мені бірде-бір рет есеңгірете алмады. Тек денеден жақсы бір соққымен ғана күтіп алғаны бар. Мен басынан ұрдым, ал ол денеден. Содан басқасының бәрі шынтаққа ғана тиді.
Жекпе-жек соңында ол ауыр соққылар жасап, мені сұлатуға тырысты. Бірақ ол соққылардың бірін де сезбедім. Ол шынымен мықты және өте дәл екен. Алайда ол мені ешқандай есеңгірете алмады. Жекпе-жектен қолым үшін ғана бас тартар едім.
Білмеймін, рингке көптен шықпадым. Бұл барлығы үшін ұзақ жыл болды. Мен биік шыңда едім, қазір мені одан лақтырып жіберді. Енді ары қарай не істеу керегімді ойлауым қажет. Командаммен кеңесу керек", - дейді Смит.
Жарнама