Ресейлік боксшы Вячеслав Рогозин IBA Дубайда (БАӘ) өткізген 2025 жылғы әлем чемпионатының финалындағы қазақстандық Сәкен Бибосыновпен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жеңгенімді білдім, өзім үшін бастысы сол. Сондықтан қолымды жоғары көтеріп, бәріне жеңімпаз екенімді көрсеттім. Қарсыласым да, шамасы, жеңілгенін сезген сияқты, өйткені әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы әдетте басын салбыратып, нәтиженің жариялануын күтіп тұрмайды. Маған қарсылық болғанын сездім, бірақ, мен бәріне дәлелдедім. Ең алдымен өзіме, туған-туыстарыма, бапкеріме. Ең бастысы - біз кімнің мықты екенін білеміз, алда әлі де жұмыс істейміз", - деді Рогозин "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, боксшылар 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте кездесті. Бұл кездесуде Сәкен Бибосынов алғашқы раундта ұтылғанымен, жекпе-жектің барысын өзгертіп, екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді де, 5:2 есебімен жеңген болатын.
Жарнама