Бокс
3 сәуір 2020 22:14

Басымдық жоқ емес. Қанат Ислам 28 нокауты бар мексикалық экс-чемпионды қайтсе жеңеді

Сурет: Qazaq Promotions
Жақында шетелдік БАҚ орта салмақта өнер көресететін қазақстандық кәсіпқой Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегінде әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгиямен (34-0, 28 КО) жұдырықтасатыны туралы ақпарат таратты. Мунгия жас әрі кәсіпқойда тәжірибесі мол, қарсылас сөзсіз қауіпті. Дегенмен бокста бәрі мүмкін және Қанат мексикалық боксшыны қалайша жеңе алатынын 
Vesti.kz материалында талдап көрейік. 

"Жеңімпаз элитаға жолдама алады". Сарапшы Қанат Исламның 28 нокауты бар экс-чемпионға қарсы жекпе-жегі жайлы

- Байсалдық. Қазақстандыққа дер кезінде тулап тұрған импульсивті Хаймеден басым болуға септеседі. Шешуші сәттерді өз пайдасына бұруға болады;

- Әуесқой бокстағы мол тәжірибе. Бұл тұрғыда қазақстандық боксшының басымдығы анық. Әуесқойдағы көптеген жекпе-жек мықты негіз қалыптастырды - бастысы оңды қолдана алу. Қанат Ислам 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері;

- Абыройын көтереді. Уолтер Каунтондоквамен сылбыр жекпе-жектен кейін Қанатқа сын айтқандар көп болды. Хаймемен жекпе-жек - жанкүйерлердің сүйіспеншілігін қайтару мүмкіндігі;

- Көзге түсу. Канат жас емес. Сондықтан Мунгиямен кездесу өзін әлемге танытудың соңғы мүмкіндігі болуы ғажап емес.

- Мунгияның тұрақсыздығы. Мықтылығын рекордты-ақ көрсетіп тұрғанымен Хайме бір қалыпты жұдырықтасып жүрген жоқ. Қарсыласын үнемі сұлатпайды. Ал осындай жекпе-жекте қиналатыны байқалып қалады.

- Ауыр панч. Қанаттың нокауттар пайызы жоғары - 80-ге жуық. Оңтайлы сәтін тауып, Хаймеге ауыр соққы жасауға тырысып көру керек. Есеңгіреген жағдадйда, шабуылды сәтті аяқтау ғана қалады.

- Техника мен динамика. Қанат бабында болғанда жақсы бокс көрсетеді. Ауыр қозғалатын Хаймеге қарсы жақсы тәсіл - қарсыласты титықтатып, шабуылдауға мүмкіндік бермеу.

Еске салайық, Ислам - Мунгия жекпе-жегі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) кездесуінің андеркартында өтуі мүмкін.

"Жеңімпаз элитаға жолдама алады". Сарапшы Қанат Исламның 28 нокауты бар экс-чемпионға қарсы жекпе-жегі жайлы