"Басымдық бар". Сарапшы Головкиннің "Канелодан" басты артықшылығын атады
Fight Site сарапшысы әрі журналисті Тэйлор О’Хиггинс қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (56-1-2, 38 КО) салыстырды.
Fight Site сарапшысы әрі журналисті Тэйлор О’Хиггинс қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (56-1-2, 38 КО) салыстырды.
"Шынын айтқанда Головкин аяқпен "Канелоның" қазіргісінен жақсы жұмыс істеді дей алмаймын. "Канелоның" қысымға алу стилі Головкиндікінен өзге, бірақ, екеуі де өте нәтижелі.
Соққы жасарда екеуі де аяқпен үнемді жұмыс істейді. Головкин аяқпен жұмыс арқасында қашықтықты бұрыштап қиюда мықтырақ, алайда, "Канело" соққы қашықтығын жақсы таңдайды.
Соққылар мөлшеріне келсек, Головкинде басымдық бар, ол "Канелоға" қарағанда жоғары темпте жұдырықтаса алады. "Канело" қазіргі таңда Головкинді аңдап басатындай ете ала ма екен, сол қызық. Өйткені оның қорғанысы артып кеткен", - деп жазыпты ол твиттерде.
Golovkin’s footwork isn’t ‘way better’, anymore though, is it? Both are very economical with their footwork, always keep their shape and are set to punch. Golovkin is better at cutting off the ring with his footwork, but Canelo is better at sneaking into range.
— Taylor On Sport (@TaylorOnSport) October 19, 2021
Жарнама