"Басты жыртқыш анықталады". Жәнібекке жыл жекпе-жегіне қарсылас таңдалды

©Видеодан кадр

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы жекпе-жектің орта салмақ үшін маңызы барын айтты. 

"Шираз бен Әлімханұлының айқасы - орта салмақта болуы мүмкін ең тамаша жекпе-жек. Қалған боксшылар бұл жыртқыштардың жанында солғын көрінеді. Бұл екеуінің айқасынан кейін орта салмақтың басты жыртқышы анықталады. Лараның уақыты өтті, ал Адамес жалқауланып алды. Осыдан кейін белсенділеу жігіттерді қарастыруға тура келеді. Ал олардың ішінде Шираз бен Әлімханұлы ерекше тұр. Бұлардың айқасы өте қызық болады. Біреуінде басымдық бар деу қиын. Бұл орта салмақтағы жыл айқасы болатын еді", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар