Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның ерлер командасынан турнир алтыны үшін бірден 9 боксшы айқасады. Ал олардың бесеуінің қарсыласы көрші Өзбекстан елінен.
Финалдық айқастар сенбі, 12 қарашада өтеді.
Шешуші айқастағы жұптар мынадай:
48 келі, Санжар Тәшкенбай - Аратаке Кадзума (Жапония)
51 келі, Сәкен Бибосынов - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
54 келі, Сабырхан Махмұт - Карло Паалам (Филиппин)
57 келі, Серік Теміржанов - Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
67 келі, Дулат Бекбауов - Бунджонг Синсири (Таиланд)
71 келі, Асыланбек Шымбергенов - Зеяд Ишайш (Иордания)
75 келі, Нұрқанат Райыс - Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан)
92 келі, Айбек Оралбай - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан)
+92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев - Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).