Бәсте ұтылды. Головкин мен Әлімханұлы салмағындағы чемпион он мың доллардан айырылды

©Allboxing

Орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло бәс тігемін деп он мың доллардан айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz белгілі инсайдер Майкл Бенсонның твиттеріне сілтеме жасап.

Чарло белгілі боксшылар Джервонта Дэвис мен Райан Гарсия жекпе-жегінде кім жеңімпаз болатынына бәс тігіп, ұтылған екен. Бұл кездесуде "Танк" лақап атты Джервонта жетінші раундта Гарсияны нокаутпен жеңген болатын. 

Джермалл осы жекпе-жектен кейін енді Дэвистің жанкүйері болатынын айтты. 

"Мен енді ресми түрде Джервонта Танк Дэвистің жанкүйерімін... Алайда ол Дэвин Хейниді түрте де алмайды, ал Шакур Стивенсон олардың барлығын сабайды", - дейді Чарло. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport