Қазақстандық Дәулет Дәукенов (8-2; 3KO) сәтсіз жекпе-жектен кейін Vesti.kz тілшісіне қарсыластың лас әрекеттері мен төрешілердің оған көз жұма қарағаны туралы айтып берді.
"Қазір көңіліме келіп тұрғаны титул үшін жекпе-жекте есе жібергенім. Айқас басынан-ақ менің жоспарым бойынша жүрмеді. Ал қарсылас лас әрекеттерге көшті, қарақұстан көп ұрды және баспен де соққылар болды. Меніңше, төрешілер мұны көру керек еді. Әрине, мен жеңілмедім деген ойдамын, бірақ, қорытынды қарсыласымның пайдасында болды. Жарайды, жау кеткен соң қылышыңды б...қа шап дейді ғой. Сараптама жасап, ары қарай қалай жұмыс істеп, нені ауыстыру керегі туралы шешім қабылдау керек", - дейді боксшы.
Еске салайық, Дәулет 13 ақпан Кивевте өткен бокс кешінде бірінші жартылай орта салмақта WBC (ABC) Continental титулы үшін жергілікті Александр Абрамянға төрешілер шешімімен жеңілді.