"Баспен сүзеді". Қазақ боксшы ӘЧ жекпе-жегінде "алдау" туралы

©AIBA

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының ширек финалына шыққаннан кейін Vesti.kz тілшісіне жекпе-жек кезінде қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін айтып берді.

Турнирдің үшінші айналымында 63,5 келіде өнер көрсететін 21 жастағы қазақ боксшы украиналық Денис Песоцкийді жеңді.

- Укарианлық қарсыласпен жұдырықтасу қиын болды. Физикалық тұрғыда ол менен мықтырақ еді. Бірақ бапкерлер айтқан тактиканы ұстандым. Оны алдап, айланы асыру қажет болды. Әрине жекпе-жек барысында қажетті өзгерістер жасап отырдық. Міне осы оң нәтиже берді. 

- Бетің жырылып кетіпті. Басы тиді ме?

- Иә, жақындағанда баспен сүзеді екен. Екінші раунд соңында осылай болды, басы тиді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар