"Басқа мүдделер жатыр". "Канело" Головкинмен трилогия бойынша DAZN қысымы жайлы

© BoxingScene.com
Орта салмақта WBC (franchise) және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) басшылары қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекті қалағанымен, DAZN стриминг қызметі тарапынан ешқандай қысым жоғын айтады. Боксшының сөзін амеркиалық BoxingScene.com порталы келтіріп отыр.

Платформа басшылығы трилогияның 2020 жылы өтетініе сенімді болғанымен, Альварес GGG-мен жекпе-жек қызық емес дегенінен таяр емес.

"Ковалевпен жекпе-жек бойынша қиындықтар кез келген қысымнан ауыр болды, өйткені онда өзге мүдделер жатыр. Маған қысым бар ма? Жоқ. Маған не керегін әрлдайым білемін. Олар Головкинмен тағы бір жұдырықтасқанымды қалағанымен, мен бірнеше рет айтқанмын, ол мен үшін сынақ емес. Басқаша айтқанда, ешқандай қысым жоқ", - дейді Альварес.