"Басқа жігітті беріңдер...". Мейвезер қамқорлығындағы әлем чемпионы Головкин мен "Канело" жайлы

Сурет: Fightnews.info
Екі салмақта әлем чемпионы Джервонта Дэвис қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

"Канело" оны екі рет жеңсе, үшінші жекпе-жектің не қажеті бар? Оның орнында үшінші рет жұдырықтаспайтын едім. Басқа жігітті жіберсін, мұнымен жұдырықтасқым келмейді дейтін едім. Бірінші жекпе-жегін көрмедім, алайда, екіншісін тамашаладым. Екіншісінде "Канело" нақты жеңгенін білемін. Альварес - керемет боксшы. Флойд Мейвезерден жеңілгені оған қатты көмектесті", - дейді Дэвис.