Ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн өз спортшысының WBA, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері Александр Усиктен есе қайтаратынына сенімді, деп жазады Vesti.kz басылымы.
"Қарымта айқаста сіздер мүлдем басқа Энтониді көресіздер. Біздің ендігі мақсатымыз – украиналықты жеңу. Келесі жолы Джошуа өзінің белбеулерін өзіне қайтаратын болады", - дейді промутер.
Еске салайық, 26 қыркүйекте Лондон төріндегі қос алып арасындағы жекпе-жекте Александр Усик төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Усик британиялықтың барлық белбеулерін тартып алды.