Бокс
6 тамыз 11:30

Басқа ел құрамасындағы қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

©Видеодан скрин

Өзбекстан құрамасындағы қазақ қазақ боксшы Саят Ілясов Бангкок қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақта Ілясов жартылай финалда моңғолиялық Дамдиндорж Пуцевдоржбен кездесіп, оны екінші раундта есеңгіретіп тастады. Төреші моңғолиялыққа алдымен нокдаун есептеп, артынша айқасты тоқтатып тастады.

Саят Ілясов 22 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетіп жатыр жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport